Құрметті оқырмандар!
«Бір кітаптың портреті» жобасы аясында Анатолий Рыбаковтың алғаш рет осыдан 35 жыл бұрын жарық көрген «Дети Арбата» роман-трилогиясының бірінші бөлімін назарларыңызға ұсынамыз.
Өткен ғасырдың 80-ші жылдарының соңында жарық көрген «Дети Арбата» романы дүниені астаң-кестең еткендей болды. Оның пайда болуы елеулі әдеби оқиға ғана емес, маңызды саяси кезең болды. Алып елдегі саяси қуғын-сүргін, қанды террор туралы шындық жұртқа жария болды.