14 ақпанда көптеген елдерде кітап әуесқойлары Халықаралық кітап күнін атап өтеді. Осы тамаша мереке қарсаңында қостанайлық белгілі журналист әрі жазушы Сәлім Тоқмырзаұлы Меңдібайдың жары Дәметкен Қисметденқызы Қабашева Л. Н. Толстой ат. ҚОӘҒК-на жұбайының жеке кітапханасынан 146-дан астам кітапты сыйға тартты. Сәлім Тоқмырзаұлы өмірінің көп бөлігін отандық журналистиканың дамуына арнады, «Қостанай таңы» газеті бас редакторының орынбасары, жоғары деңгейдегі кәсіпқой маман болды. Ол сондай-ақ кітапқұмар жан еді: көркем әдебиетті (оның ішінде әлемдік классика, жергілікті авторлар), филология, журналистика және басқа да көптеген білім салалары бойынша басылымдар жинады.
Біз бұл тамаша кітаптардың өз оқырмандарын тауып, сұранысқа ие болатынына сенімдіміз.