Өткеннің мұрасы, салт-дәстүр – бұлардың бәрі ұлттың мәдени-генетикалық кодын бейнелейтін нәрселер және олар сан ғасырдан бері ұрпақтардың қаншама буынын байланыстырып келе жатқан тарихи-мәдени мұра болып табылады.
Абонементтер бөлімінде оқырмандар назарына келесідей авторлардың басылымдары ұсынылған «Ұлы даланың ұлы мұрасы» атты кітап көрмесі безендірілді: Ахметова Ә. «Еуразия коды. Бесінші өркениет қарсаңында»; Бейсенбайұлы Ж. «Ұлы Даланың ежелгі тарихының этномәдени төркіндері»; «Ұлы Дала елі. Страна великой степи» кітабы; М. Неталиевтің «Кіші жүз шежіресі» тарихи-этнографиялық зерттеуі; С. Назарбекұлының «Қазақтың киіз үйі» этнографиялық мәліметтер басылымы; «Қазақ салт–дәстүрлері» ұлттық дәстүрлер жинағы; Қазақстанның алғашқы этнографтары туралы танымал зерттеушілердің тартымды және қызықты түрде жазылған «Первые этнографы Казахстана» очерктері; «Анималистическая вселенная казахской культуры в диаграмме эпох» ғылыми-зерттеу жобасының қорытындысы, ҚР БҒМ ұжымдық монографиясы; У. Х. Шәлекеновтың «Қазақ өркениеті» монографиясы; «Культ коня у казахов», автор А. Тоқтабайдың жылқымен байланысты салт-дәстүрлер туралы жинаған құнды материалдары; «Тюльпаны и другие луковичные растения Казахстана», А. О. Иващенконың Қазақстанның сәндік жағынан ең әдемі әрі бағалы жабайы өсімдіктеріне жазған очерктері, оның ішінде қызғалдақтың 50-ден астам түрінің сипаттамасы. Сондай-ақ көрмеде тақырып бойынша басқа да мазмұнды әдебиеттер ұсынылған.
Көрме жылдың соңына дейін жұмыс істейтін болады. |