Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Шетел тілі: үйренеміз, оқимыз
03.02.2022
Құрметті оқырмандар!

«Шетел тілі: үйренеміз, оқимыз» көрмелер циклі аясында Абонементтер бөлімінде «Түрлі тілде сөйлейтін кітаптар» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрме үш бөлімнен тұрады.

«Шетел тілдеріндегі Қазақстан әдебиеті» атты бірінші бөлімде назарларыңызға атақты қазақстандық жазушылар мен ақындардың кітаптары ұсынылған. БҰҰ-ның алты тілінде шыққан «Қазіргі қазақ прозасының антологиясы» және «Қазіргі қазақ поэзиясының антологиясы» бірегей жинақтары ерекше қызығушылық тудырады. Ұсынылған басылымдарға 60 қазақ авторының еңбектері енгізілген. Олардың ішінде Шерхан Мұртаза, Әкім Тарази, Әбіш Кекілбаев, Мұхтар Мағауин, Олжас Сүлейменов, Мұхтар Шаханов, Фариза Оңғарсынова секілді атақты қаламгерлер бар.

«Түпнұсқада оқылар шетелдік классика» деген келесі бөлімде әлемдік әдебиетке елеулі үлес қосқан әлемге әйгілі ақындар мен жазушылардың классикалық шығармаларымен танысуға болады. Оқырман Уильям Шекспир, Фредерик Стендаль, Генри Гейн, Эрнест Хемингуэй, Джейн Остин, Шарлотта Бронте сияқты классиктердің шығармаларымен түпнұсқада оқи алады.

Көрменің «Балаларға арналған әлемнің үздік кітаптары» атты үшінші бөлімінде XIX және XX ғғ. балалар жазушыларының да, қазіргі заман жазушыларының да кітаптары: А.С. Пушкиннің, Г.-Х. Андерсеннің ертегілері, Марк Твен, Льюис Кэрролл, Джек Лондон, Жюль Верн, Рудьяр Киплингтің шығармалары ұсынылған.  

Шетел тілдеріндегі көркем әдебиетке қызығушылық танытатындардың барлығын ай бойы жұмыс істейтін кітап көрмесіне шақырамыз.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ