Құрметті оқырмандар, Өлкетану әдебиеттері бөлімі назарларыңызға майдангер журналист, жазушы Аманғали Сегізбаевтың туғанына 125 жыл толуына арналған «Жазушы. Жерлес. Азамат» атты тақырыптық сөресін ұсынады.
Аманғали Сегізбаев – жерлесіміз, Ұлы Отан соғысына қатысушы, жазушы. 1942 жылдың басында Кеңес әскеріне шақырылып, Кенигсберг қ. түбіндегі шайқаста қаза тапты.
Оның ең маңызды шығармалары: «После дождя» өлеңі, «На берегах Аршалы» поэмасы, «Балшукен» әңгімесі, «Светлое благословение» фельетоны.
Назарларыңызға ұсынылған көрме жерлесіміздің өмірбаяны мен шығармашылығын көбірек білуге көмектеседі деп үміттенеміз.