Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Ұлы Үндістан»
26.01.2022
Үндістан Республикасы Тәуелсіздігінің 75 жылдығы және Қазақстан мен Үндістан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдығы аясында Әмбебап оқу залында «Ұлы Үндістан» атты кітап көрмесі ашылды.

 Бұл көрменің басты міндеті Үндістан мен оның халқы туралы заманауи мәліметтерді таныстыру болып табылады. 

Ежелгі заманнан бері Қазақстан мен Үндістан өзара достық пен мүдделілік шеңберінде берік байланыс орнатқан.

Екі елдің тарихи дамуында, рухани-материалдық мәдениетінде көптеген ұқсастықтары бар.

Көрмедегі суреттермен безендірілген  хинди, қазақ, ағылшын тілдеріндегі керемет кітаптар Үндістанның, оның халқының сұлулығы мен сырын паш етеді. 

Көрмеге қойылған әдебиеттер арасында дәстүрлі және қазіргі заманғы мәдени құндылықтардың үндесуі, үнді және қазақ мәдениеттерінің ортақ мұрасы көрсетілген «Казахстан – Индия: древность, средневековье и современность», «Эхо далекого прошлого: Индия и Казахстан»  басылымдары ерекше қызығушылық тудырады.

Кітап көрмесі Үндістан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы мәдени-тарихи жақындасу ісіне лайықты үлес қосады, Үндістан мен Қазақстан қатынастарының одан әрі мәдени дамуына серпін береді.

Көрме ақпан айының соңына дейін жалғасады.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ