Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша «Қуатты өңір – Қуатты Қазақстан» арнайы жобасы аясында «Құт қонған Қостанай» деректі фильмін дайындады.
Жаңа деректі фильм Қостанай облысының әлеуметтік-экономикалық саланы дамытудағы практикалық жетістіктері, өңірдің ел экономикасын нығайтуға, халықтың әл-ауқатын арттыруға қосқан үлесі туралы баяндайды. Фильм көрермендерді аймақтың тарихымен, табиғи, мәдени және білім беру әлеуетімен таныстырады.