Құрметті оқырмандар, биыл Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толады. Осы айтулы оқиға аясында Абонементтер бөлімі назарларыңызға «Қазақстанның Қарулы күштері – мемлекет қауіпсіздігінің кепілі» атты кітап көрмесін ұсынады.
Көрмеге ұсынылған әдебиеттер арасында «Закон Республики Казахстан о воинской службе и статусе военнослужащих», «Военная служба», «Устав внутренней службы Вооруженных сил, других войск и воинских формирований Республики Казахстан» нормативтік құқықтық актілер жинақтары, «Айбын энциклопедия»; «Военная энциклопедия Казахстана» басылымдары, авторлары К. Аманжолов пен А. Тасболатовтың «Қазақстанның әскери тарихы» кітабы, С. Тайжановтың «Өмір қауіпсіздігі негіздері» кітабы, М. Серкпаевтың «Основы военной истории», «История военного искусства» басылымдар сериясы, сондай-ақ «Международное военное сотрудничество Республики Казахстан: проблемы и перспективы (1991–2005 гг.)» басылымдары бар.
Бұл басылымдарда мемлекеттегі тәуелсіздіктің барлық кезеңінде армияның тұрақты жауынгерлік әзірлігін және жеке құрамның жоғары моральдық-жауынгерлік рухын қолдау бойынша жүргізілген жүйелі жұмыс, мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы стратегиялық және бағдарламалық құжаттар, сондай-ақ тарихтың әртүрлі кезеңдеріндегі Қазақстанның әскери өнерінің даму кезеңдері баяндалған.
Көрме жылдың соңына дейін жұмыс істейді. |