2021 жылдың 24 желтоқсанында Л. Н. Толстой ат. Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасындағы «Парасат жолы» орталығында микроқаржы ұйымының менеджері Мәдина Алпысбайқызы Әбілқасовамен сұхбат-әңгіме өтті. Әңгіме барысында Мәдина Алпысбайқызы парасаттылық пен адалдықты тәрбиелеудің маңыздылығы, онсыз сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасаудың мүмкін емес екендігі туралы айтты. Ол микроқаржы ұйымдары мемлекеттік органдардың жұмысында заңдылық пен «ашықтықтың» сақталуына мүдделі екенін атап өтті. Бұл қоғамдағы сенім мен өзара сыйластықтың қажетті ахуалын қамтамсыз етеді. Әңгіме соңында ол «Парасат жолы» жобасына сәттілік тіледі.
Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://www.youtube.com/watch?v=6gnl1SCPL1Y