2021 жылғы 14 желтоқсанда Л.Н. Толстой ат. Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай полицейлердің жас буынына отаншылдық тәрбие беру мақсатында Қостанай облысы полиция департаментінің мұражайында «Мы ими гордимся» стендінің ашылуы аясында «Әлемнің ғажап елі – қасиетті Қазақ елі» атты көшпелі кітап көрмесін ұсынды.
Көрменің бөлімдері мемлекеттің құрылу кезеңдерін, оның тарихын, мемлекеттік рәміздерін және ең бастысы жастар армандайтын, олардың шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін елдің болашағын бейнелейді. Көрменің тараулары іс-шараға қатысушылар таныса алған кітапхана қорының маңызды басылымдарын қамтиды.
#Qazaqstan30