Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Абонементтер бөлімі 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына арналған «Желтоқсан оқиғасы – ұлт рухының биік белесі» атты көрме ұсынды.
1986 жылғы желтоқсан оқиғасы тарихқа айналды, оған қатысушылар тәуелсіз Қазақстанның жылнамасына алғашқы жолдарды енгізді. Қазақ жастарының көшеге шығуы ұлтшылдық болған жоқ – бұл Конституция кепілдік берген және қайта құру жария еткен азаматтық және саяси ұстанымды еркін білдіру құқығын пайдаланудың алғашқы әрекеті болды.
Бұл көрменің мақсаты – еліміздің даму тарихын ашып көрсету, желтоқсан оқиғасын түсіндіру, сондай-ақ тәуелсіздік үшін күрес жолындағы құрбандарды еске алу.
Көрмеге желтоқсан оқиғаларына байланысты құжаттар мен материалдар енген «Желтоқсан 86» көп томдық басылымы қойылды. «Желтоқсан 1986» жинағына сол жылдардағы оқиғалардың қасіретін жария ететін мұрағаттық құжаттардың тізімі енген. Екі томдық «Желтоқсан көтерілісі» кітабы да көрменің көрнекті жерінен орын алған. Кітап 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларының хронологиясын көрсетеді. Б. Төлепбергеннің «Қасиеттім – желтоқсан!» кітабында алаңға шыққан жастардың рөлі көрсетіліп, желтоқсан оқиғасы тарихының белгісіз беттері жария болған.