22 қарашада Америка бұрышында АҚШ ең сүйікті, отбасылық және дәстүрлі мерекелерінің бірі «Алғыс айту күнінің» таныстырылымы өтті. Шараға қала студенттері мен оқушылары қатысты. Таныстырылым барысында қатысушылар мерекенің пайда болу тарихы, оның дәстүрлері туралы және мерекелік тағамдарды дайындау ерекшеліктері жайында көптеген қызықты мәліметтер алды.