Қазақстанда жыл сайын 15 қарашада ҚР Ұлттық валютасы күні және еліміздің қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі атап өтіледі.
Бүгінгі таңда теңге тәуелсіздіктің экономикалық негізі, егемендіктің символы, Қазақстанның жаңа тарихы мен болашағының толыққанды бөлігі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында және ҚР Ұлттық валютасы күні қарсаңында Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК «Теңге – тәуелсіздігіміздің тұғыры» атты бейнеәңгіме дайындады. Оған «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі» РММ Қостанай филиалының қолма-қол ақшамен және кассалық операциялармен жұмыс жөніндегі бөлім бастығының орынбасары Жаулыбаев Нұрлан Әлімбайұлы қатысты.
Әңгіме барысында елдің банкноттары мен монеталарының жасалу тарихы, олардың дизайнын өзгерту, қорғау дәрежесі, біздің валютамыздың халықаралық марапаттары туралы айтылды.