Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Рухани мәдениет – әлемді танудың жолы»
02.11.2021

Құрметті оқырмандар!

16 қараша – Халықаралық төзімділік күні. Төзімділік – бұл қазіргі әлемде аса қажетті қарым-қатынас шарты. Төзімділік, өзара құрмет, басқалармен бейбіт өмір сүру және басқаларға деген түсіністік қарым-қатынас қағидаттарын қолдау бүгінгі таңда ерекше маңызға ие. Қазақстан тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде адамдардың бір-бірінің құқықтарын бұзбай бейбітшілік пен келісімде қалай өмір сүруге болатынын көрсетіп отыр. Адам неғұрлым білімді және мәдениетті болса, соғұрлым ол айналасындағы адамдарға және бүкіл әлемге түсіністікпен қарайтын болады.

Абонементтер бөлімінде аталған күнге арналған «Рухани мәдениет – әлемді танудың жолы» атты кітап көрмесі безендірілді. Көрмеге «Межкультурные коммуникации: основные направления и формы», С.Ш Аязбекованың «Картина мира этноса: Коркут-ата и филосовия музыки казахов» кітаптары және т.б. кітаптар қойылған. «Аль-Фараби в истории культуры» кітабында авторлар ғалымның мұрасына талдау жасап, философия, мәдениет және ғылым тарихтарына ерекше көңіл аударады. Исламтанушы ғалым Әбсаттар қажы Дербісәлі «Ислам – религия мира и созидания» кітабында дінаралық достықты сақтаудағы Қазақстанның тәжірибелеріне зерттеу жасайды.

#Qazaqstan30


Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus