29 қазанда «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Ел болып оқимыз» атты әдеби кеш өтті. Биылғы жылы жалпы халықтық оқуға белгілі қазақстандық авторлардың поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті мен аударма саласындағы үздік 30 шығармасы таңдалды.
Акцияның басты мақсаты – отандық әдебиетті насихаттау, тарихи-мәдени және рухани мұраны сақтау, жастарға адамгершілік-отаншылдық тәрбие беру, ана тіліне құрметпен қарауды қалыптастыру.
Іс-шараның спикерлері зиялы қауым өкілдері, мәдениет саласының қызметкерлері болды. Қонақтар жалпыға бірдей оқуға таңдалған қазақстандық және шетелдік авторлардың кітаптары туралы айтып берді. Олардың сөз сөйлеуі Ы.Алтынсарин мен М.Мақатаевтың шығармаларынан үзінділер оқумен, «Бір ел – бір кітап» таныстырылымымен және бейнекөрсетілімімен сүйемелденді. Кеш соңында М.Омарованың «Көмбе наның дәмі» спектаклінен үзінді көрсетілді.
#Qazaqstan30