Л. Н. Толстой ат. Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының жанынан жұмыс істейтін «Парасат жолы» орталығы тікелей эфирлер сериясын жалғастыруда.
Орталықтың бүгінгі қонағы облыстық «Қостанай таңы» газетінің директоры және бас редакторы, Қазақстан Республикасы Журналистика академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген журналисі Аязбеков Жанұзақ болды. Қонақ жастарды парасаттылық рухында тәрбиелеудің, құқық нормаларын құрметтеудің қажеттілігі туралы айтты. Әр қазақстандықтың оқып шығуы тиісті кітаптар мен авторлар туралы ой бөлісті.
Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://youtu.be/TBJeh7frv7E