Л. Н. Толстой ат. Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының жанынан жұмыс істейтін «Парасат жолы» орталығы тікелей эфирлер сериясын жалғастыруда.
Орталықтың бүгінгі қонағы Қалалық мәслихаттың депутаты, «Жас Отан» Қостанай облыстық филиалының төрағасы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті жанындағы Ақпараттық-ағарту штабының төрағасы Манасбаев Серік Шотбайұлы болды. Қонақ жаңа нысанда жұмыс істеудің және жаңа ұрпақты тәрбиелеудің қажеттілігі туралы айтты. Парасаттылық ұлттың рухани өзегіне, барлық кезеңдегі қоғам өмірінің нормасына айналуға тиіс екенін атап өтті.