Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Мәңгілік мұра»
20.10.2021

Құрметті оқырмандар, Өнер туралы әдебиеттер бөлімі назарларыңызға М.Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсының премьерасының 75 жылдығына арналған «Мәңгілік мұра» атты кітап көрмесінің бейнешолуын ұсынады.

«Біржан - Сара» – М.Төлебаевтың қазақ тіліндегі төрт бөлімді лирикалық-драмалық операсы. Либреттосы Х. Жұмалиевтікі (1949, 1958 – 2-ші және 3-ші редакциясы). Операның алғашқы қойылымы 1946 жылы 7 қазанда Абай атындағы Қазақ опера және балет театрында өтті. Басты партиялардың орындаушылары – А. Үмбетбаев (Біржан) және К. Байсейітова (Сара). Режиссері Қ.Жандарбеков, директоры Г. Столяров, суретшісі А. Ненашев. 1958 жылы бұл спектакль Мәскеуде өткен Қазақстан өнері мен әдебиетінің онкүндігі кезінде көрсетілді.

Шығарма шетелдік көрерменнің көңілінен шықты: Қажым Жұмалиевтің либреттосы түрік тіліне бейімделіп, опера 2013 жылы Самсунда, сондай-ақ 2014 жылы Ыстамбұл, Бурса, Эскишехир мен Анкарада көрсетілді.

Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://www.youtube.com/watch?v=Vc8JWzfs69w
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus