15 қазан күні Әмбебап оқу залында Қостанай гуманитарлық колледжінің аударма бөлімінің оқушыларымен «Шет тілі – кез келген нағыз білімнің негізі» атты кітапханалық десант өтті.
Кездесу барысында «Америка бұрышы» ақпарат және демалыс қоғамдық орталығының жұмысы таныстырылды, сондай-ақ қонақтардың назарына ағылшын тілінің дағдыларын дамытуға және жақсартуға арналған білім беру бағдарламалары ұсынылды.
Сонымен қатар оқушылар үшін оқушылардың тілдік құзыреттілігін арттыруға ықпал ететін кәсіби аудармаға арналған әдебиеттер мен тілдік әдебиеттер бойынша шолу өткізілді.
Іс-шара барысында кітапхана бойынша экскурсия жүргізілді.