15 қазанда Л. Н. Толстой атындағы ҚОӘҒК жиналыс залында
өлкетану әдебиеттері бөлімінің әдеби-ақпараттық секторы Қазақстан
Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қостанай облысының құрылғанына 85 жылдығын
мерекелеу аясында «Елі сүйген Қостанай»
атты өлкетану арт-салонын өткізді.
Қостанай
жері таланттарға бай. Көптеген жергілікті ақындар, музыканттар, суретшілер,
актерлер өз қалаларын сүйеді және сүйіспеншіліктерін тамаша өнер туындылары
арқылы білдіреді.
Бұл өлкетану арт-салонының мақсаты
– жастарға да, шығармашылығын енді бастағандарға
да, сондай-ақ қалыптасқан, танылған авторлар мен орындаушыларға да туған
қаласына деген сүйіспеншілігін жеткізуге мүмкіндік беру, олардың шығармашылығын
қала тұрғындары мен студент жастар арасында насихаттау.
Өлкетану
арт-салонына «Ковчег», «Крылья», «Prata Martis» әдеби бірлестіктері, сондай-ақ
А.И. Суслова секілді танымал авторлар, «63» шығармашылық ұжымы, Қостанай
қуыршақ театрының актері Д. Норка, облыстық драма театрының әртісі Татьяна Захарченко қатысты. Шақырылған қонақ
ретінде Нұр-Сұлтан қ. келген музыкант Павел Чилига өнер көрсетті. #Qazaqstan30 |