15 қазан – зағип жандардың белгісі, халықаралық Ақ таяқ күні. Бұл күн Халықаралық соқырлар федерациясының бастамасымен бекітілген. Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК қызметкерлері қала көшелеріне шығып, жаяу жүргіншілер мен жүргізушілерге көзі нашар көретін мүгедектерге көңіл бөлуге шақырған жаднамалар таратты.
Әртүрлі себептермен олар табиғаттың керемет сыйынан – көру қабілетінен айырылған. Бірақ бұл адамдар да толыққанды, күнделікті түрлі оқиғаға бай өмір сүргісі келеді және солай болуы тиіс! Бұл шара қоғамға жанымызда әрқайсымыздан көмек пен қолдауды қажет ететін адамдардың өмір сүріп жатқанын еске салуға бағытталған.