Құрметті оқырмандар, Өнер туралы әдебиеттер бөлімінде «Көз қуантар күзгі көріністер» атты кітап көрмесі ашылды.
Алтын күздің көріністерімен безендірілген кітаптар мен журналдар күзгі көңіл күй мен алманың хош иісін сезінуге көмектеседі, жалбыздың емдік қасиетін еске түсіріп, жапырақ астына жасырынған саңырауқұлақты көз алдыңызға әкеледі. Көрме оқырмандарды күздің ең әдемі де сұлу кезеңін – жапырақтардың жүз түрлі түске енетін кереметін көрсететін фотосуреттермен, репродукциялармен, эскиздермен таныстырады. Бұл жерде біздің қостанайлық суретшілер Г. М.Соковтың Н. В. Торшиннің, сондай-ақ ресейлік суретшілер И. Левитанның, И. Шишкиннің, К. Васильевтің жұмыстарының репродукцияларымен танысуға болады.
Барлығыңызды бір ай бойы жұмыс істейтін көрмені көруге шақырамыз.