Құрметті
оқырмандар! Абонементтер бөлімінде жыл сайын қазан айының бірінші күні аталып
өтілетін және бүкіл қоғам үшін үлкен маңызға ие Халықаралық қарттар күніне
арналған «Кәрілікті кешіктірер белсенді өмір» атты кітап көрмесі безендірілді.
Шынайы да
жарқын бұл мереке өмірлік тәжірибесі бар
адамдарда болатын керемет қасиеттердің – кемеліне келген ақылдың және рухани
жомарттықтың күні болып табылады. Мейірімділік пен құрмет көрсету күні аға
ұрпақты олардың еңбегі үшін, рухының беріктігі үшін құрметтеудің және сыйлаудың
қажеттігін, оларға ерекше көңіл бөлудің, қамқорлық көрсетудің және алғыс айтудың
қажеттігін еске салуға арналған.
Көрмеден
салауатты өмір салты, ұзақ өмір сүрудің құпиялары және қарт адамдардың белсенді
өмірлік ұстанымдары туралы ақпаратты қамтитын материалдармен танысуға болады.
Сіздердің назарларыңызға психология мен медицина, өзін-өзі дамыту және
диетология бойынша кітаптар, отандық және шетелдік жазушылардың көркем
шығармалары және басқа да көптеген басылымдар ұсынылады.
Барлық ниет
білдірушілерді бір ай бойы жұмыс істейтін осы көрмені тамашалауға шақырамыз.
|