Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Ыбырай Алтынсарин мұрасын зерттеу мен ілгерілетудің өзекті мәселелері»
29.09.2021

     2021 жылдың 29 қыркүйегінде Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Ы. Алтынсарин және ағартушылық тағылым: тарихи өзегі, танымдық өрісі, заманауи өрнегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Л. Н. Толстой ат. Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында онлайн және оффлайн режімінде «Ыбырай Алтынсарин мұрасын зерттеу мен ілгерілетудің өзекті мәселелері» тақырыбымен  кітапхана және мұражай қызметкерлерінің секциялық отырысы өтті. Секцияның модераторлары «Л.Н.Толстой ат. ҚОӘҒК» КММ басшысы Дариға Төребайқызы Дүйсебаева және «Ы.Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық мұражайы» КММ басшысы Марғұлан Бақытбекұлы Оспанов болды.

Л. Н. Толстой ат. ҚОӘҒК Қостанай қаласы мен Қостанай ауданының кітапханашылары жиналды. Мұның сыртында онлайн режімінде қатысушылардың саны арта түсті, олардың арасында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бөлім басшысы Г.А. Пазылова, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының және И. Гаспринский ат. республикалық Қырым татар кітапханасының мамандары болды.

Отырысты ашқан Оспанов Марғұлан Бақытбекұлы Ы.Алтынсариннің жеке тұлғасы мен шығармашылық мұрасының қазіргі қазақстандық қоғам үшін маңызы туралы, конференцияның маңыздылығы мен уақытында өткізіліп отырылғаны туралы айтып берді.

 «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» ММ басшысы Қалмақов Ерлан Болатұлы секциялық отырысқа қатысушыларды құттықтап сөз сөйледі.

Содан кейін сөз филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ақыш Нұрдәулет Бабиханұлына берілді. Ол Ыбырай Алтынсариннің бейнесі көркем шығармаларда қалай бейнеленгені, осы бағыттағы ізденістер мен олжалар туралы әңгімеледі.

Педагогика ғылымдарының кандидаты, ғалым-ыбырайтанушы, Ыбырай Алтынсарин ат. республикалық қоғамдық қордың төрағасы Қоңыратбай Тана Әуелбекқызы өз баяндамасында өскелең ұрпақты тәрбиелеу және оларға білім берудегі Ы.Алтынсарин мұрасының маңыздылығына назар аударды.

 Н.К. Крупская ат. Орынбор облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының жетекші кітапханашысы Ольга Викторовна Куда Ы. Алтынсариннің Орынбор өлкесімен байланысы туралы егжей-тегжейлі айтып беріп, қазақ ағартушысының есімі Орынбордың көшесіне берілуі арқылы мәңгілікке сақталғанын ерекше атап өтті.

«Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені» КММ басшысы Сарсекей Гүлбану Құлетқызының «Торғай. Ыбырай. Мұражай» атты баяндамасы да ерекше тартымды болды.

Ырғыз қаласында да Ы. Алтынсарин ел есінде және оны ерекше құрметтейді. Бұл туралы Ақтөбе облысының Ырғыз аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің әдіскері Арайлым Амангелдіқызы Нұрмаханова айтып берді.

Қырым Республикасының Гасприн мемлекеттік бюджеттік мекемесінің «Бахчисарай тарихи-мәдени және археологиялық мұражай-қорығы» Исмаил мемориалдық мұражайының меңгерушісі және Татарстан Республикасы ҒА Ш.Маржани ат. тарих институтының Қырым ғылыми орталығының кіші ғылыми қызметкері Эльмира Эбазеровна Абибуллаеваның «Педагогическое наследие казахских просветителей в фондах Бахчисарайского музея-заповедника» хабарламасы түркі тілдес халықтар арасындағы мәдени байланыстардың жаңа аспектілерін ашатын өте мазмұнды баяндама болды. Арқалық қ. Ы.Алтынсарин ат. педагогикалық институттың оқытушысы, «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің директоры, тарих ғылымдарының докторы Роман Аймағамбетұлы өз сөзін Алтынсарин шығармаларындағы ұлттық құндылықтар мәселесіне арнады.

Арқалық қ. Ы.Алтынсарин ат. педагогикалық институттың оқытушысы, «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің директоры, тарих ғылымдарының докторы Роман Аймағамбетұлы өз сөзін Алтынсарин шығармаларындағы ұлттық құндылықтар мәселесіне арнады.

 Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық мұражайы басшысының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Өтелбаева Салтанат Амантайқызы ұлы ағартушы Ы. Алтынсариннің тұрған үйі мен жерленген жеріне, сондай-ақ оның рухани мұрасына жан-жақты тоқталды.

 Қостанай облысының заманауи кітапханаларының жұмысында Ы.Алтынсариннің идеялары қалай көрініс тапқаны туралы «Л. Н. Толстой ат. Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ басшысы, кітапхана-ақпараттық ресурстар магистрі Дариға Төребайқызы Дүйсебаева айтып берді.

«Ыбырай Алтынсарин мұрасын зерттеу мен ілгерілетудің өзекті мәселелері» секциясының мазмұнды, қызықты және жан-жақты отырысы Алтынсариннің бұған дейін белгісіз болып келген өмірі мен қызметінің түрлі сәттерін ұсына отырып конференция жұмысына өз үлесін қосты және атақты педагогтың рухани мұрасының өзектілігі мен қажеттілігін көрсетті.

 #Qazaqstan30



ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ