Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Рухани жаңғыру – елімізді болашаққа бастар жол».
28.09.2021

28 қазанда «Л. Н. Толстой ат. ҚОӘҒК» КММ «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде «Рухани жаңғыру – елімізді болашаққа бастар жол» атты дөңгелек үстел өтті.

           Жаһанданудың барлық заманауи тәуекелдері мен сын-тегеуріндерін ескере отырып қазақстандықтардың рухани құндылықтарының жандануына бағытталған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, ұлттық бірегейлікті сақтауға, білімнің артықшылықтары мен азаматтардың санасының ашықтығын танымал етуге бағытталған. Бұл қасиеттер қазіргі заманғы қазақстандықтың негізгі бағдарына айналуға тиіс.

         Дөңгелек үстелдің спикерлері ретінде «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің директоры Нұрбек Елікбайұлы Әбдібеков, Қостанай облыстық өлкетану мұражайының ғылыми хатшысы Нәзима Қуанышбайқызы Оташева, Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Кенжеғали Әмірғалиұлы Бимағанбетов, Л. Н. Толстой ат. Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының кітапханаларды дамыту бөлімінің әдіскері Гүлжанат Хасенғалиқызы Әмірхамзина қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар өз сөздерінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жұмысының қорытындысы бойынша өзекті мәселелерді талқылады, Қостанай облысының киелі жерлерін дәріптеу бойынша жүргізілген мұражайдың жұмысын ортаға салды, қазақ жазуының латын графикасына көшуі сөз болып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыс кітапханаларының атқарып жатқан жұмысы туралы ақпарат берді, сондай-ақ жиналғандарды қызықтырған бірқатар сұрақтарға жауап берілді.

 #Qazaqstan30

 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus