2021 жылғы 22 қыркүйектен бастап «Қостанай қ. білім бөлімінің №27 жалпы білім беретін мектебі» КММ Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Әлемнің ғажап елі – қасиетті Қазақ елі» атты көшпелі көрме ашылды.
Төрт бөлімнен тұратын «Әлемнің ғажап елі – қасиетті Қазақ елі» кітап көрмесіне біздің кітапхана қорынан алынған басылымдар қойылған. Көрме материалдары мемлекеттің құрылу мәселелері, оның тарихы, мемлекеттік рәміздері және елдің келешектегі дамуы жайлы баяндайды. Экспозиция кітап инсталляциясымен толықтырылған.
Мектеп кітапханасындағы көрме бір ай бойы жұмыс істейтін болады. #Qazaqstan30