Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Әмбебап оқу залы SANALY URPAQ-2050 қоғамдық қорының төрағасы, Қостанай қаласы мәслихатының депутаты Серік Манасбаевпен кездесу өткізді.
Кездесу тақырыбы 2021 жылғы 1 қыркүйектегі ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына жолдауын талқылау болды. Жолдауда мемлекет басшысы ең алдымен коронавирус пандемиясының салдарын және онымен байланысты экономикалық мәселелерді еңсеруге, сондай-ақ қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған одан арғы реформалардың ауқымды және нақты жоспарын ұсынған болатын.
Кездесу барысында қатысушылар денсаулық сақтау, білім беру, Қостанай қаласының даму перспективасы, жастар саясатына көңіл бөлу туралы түрлі сұрақтар қойды.
Кездесу қорытындысы бойынша оған қатысушылар Президент жолдауын іске асыру қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің, азаматтардың әл-ауқатын арттырудың және Отанымыздың өркендеуінің берік кепілі болады деген ортақ шешімге келді.
#Qazaqstan30