Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімі Рудный қаласында «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында «Кітап – мейірім мен білімге апарар жол» әдеби вернисажын безендірді және оқырмандар назарына ұсынды.
Қазақстанда 2021 жыл Тәуелсіздік жылы деп жарияланды. Осыған орай «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына – 30 кітап» ұранымен өтуде. Бүкілхалықтық оқу үшін белгілі қазақстандық авторлардың поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті мен аударма саласындағы үздік 30 шығармасы таңдап алынған.
Осы шығармалардың кейбірімен біздің әдеби вернисаждан танысуға болады:
Тұрысбек Сәукетаев «Желқайық»
Рахымжан Отарбаев «Айна ғұмыр»
Сәуле Досжан «Шығармалары»
Жұмекен Нәжімеденов
Ұлыкбек Есдәулет және басқалар.
Көрменің басты мақсаты – қазақ әдебиетін насихаттау, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге зерттеушілердің назарын аудару.
Құрметті оқырмандар! 2021 ж. 24.09. дейін жұмыс істейтін кітап көрмесін тамашалауға шақырамыз.
#Qazaqstan30