Құрметті оқырмандар!
Л. Н. Толстой ат. Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының Америка бұрышы тамыз және қыркүйек айларында Instagram әлеуметтік желісінде және ZOOM бейнеконференция платформасында дәрістер сериясын өткізді. Олар адам саудасы мәселесіне, атап айтқанда еңбекті және жыныстық қанау, мәжбүрлі неке, қарызға батыру және балаларды қайыр сұрауға мәжбүрлеп тарту мәселелеріне арналды.
Спикер ретінде Қазақстанның репродуктивті және жыныстық денсаулық қауымдастығы қоғамдық бірлестігінің Қостанай филиалының үйлестірушісі Александр Косюк сөз сөйледі. Дәрістердің негізгі ойы: «Бір қаланың, облыстың және елдің тұрғыны болып табылатын біз қанаудың ешбір түріне төзбеуіміз керек, қанаудың заңсыздығы мен заңға қайшылығын айтуға және айыптауға тиістіміз, осындай қорқынышты қылмыстың куәсі болсақ жерлесімізге көмектесуге тырысуымыз керек, біз біреудің өмірін сақтап қала аламыз». Қазақстан Республикасында екі сенім нөмірі – 11616 және 150 нөмірлері жұмыс істейді, олар бойынша өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдар туралы хабарлауға болады.
Дәрістер сериясына 79 адам қатысты, екі дәріс те Instagram @american_corner_kostanay парақшасына орналастырылды.