Өлкетану әдебиеттері бөлімі назарларыңызға ғалым-селекционер, ақын Андрей Степанович Удовицкийдің 80 жылдығына арналған «Бақшамен атағы шыққан ақын» бейнеролигін ұсынады.
Андрей Степанович – тамаша тұлға және ерекше адам! Ол үйінің жанындағы жер телімінде тәжірибелер жүргізетін агроном ғана емес, сонымен қатар өлең жазады, өз бетінше музыкалық нотаны игеріп алды, көптеген музыкалық аспаптарда ойнай алады, ән айтуды жақсы көреді, аймақтық газеттер мен журналдардың беттерінде авторлық айдарлар жүргізеді, сонымен қатар радио мен теледидарда бағбандарға кеңес береді.
Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер:https://www.youtube.com/watch?v=nhoX3u2AdDY