8 қыркүйекте Л.Н. Толстой ат. Қостанай ОӘҒК өлкетану әдебиеттері бөлімі Отбасы күнін атап өту аясында ZOOM платформасында онлайн режімінде «Отбасы – ұлттың тірегі» атты онлайн сұхбат өткізді.
Қазақстанда Отбасы күні мемлекет басшысының жарлығына сәйкес қыркүйектің екінші жексенбісінде атап өтіледі. Президенттің қоғамдағы отбасылық құндылықтарды нығайтуға ерекше назар аударатынын атап өткен жөн. Отбасы – мемлекеттің негізі, ол ұрпақтардың өткені мен болашағы арасындағы көпір. Дүниеге келген тұлғаны қалыптастыру және тәрбиелеу, оны алдағы өмірге жан-жақты дайындау дәл осы отбасында жүзеге асады.
Кештің құрметті қонақтары Шыңғысовтар отбасы: Мәдениет үйінің қызметкері Асхат және оның жұбайы – Жастар ресурстық орталығы басшысының міндетін атқарушы Дидар болды. Сондай-ақ кешке облыстық Халық шығармашылығы және кино орталығының әдіскері, әнші, термеші Мұрат Нағашыбай шақырылды. Қонақтар өз сөздерінде отбасылық құндылықтарды сақтаудың маңыздылығы жайында, өз отбасылары, өз отбасыларының дәстүрлері туралы айтып берді. Ал іс-шара Мұрат Нағашыбайдың орындауындағы әнмен аяқталды. |