Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Отбасылық құндылықтар: тарих және қазіргі заман
02.09.2021
Құрметті оқырмандар!

2013 жылдан бастап қыркүйектің әр екінші жексенбісінде Қазақстанда дәстүрлі түрде Отбасы күні атап өтіледі.

«Отбасы» ұғымы барлық уақытта ең алдымен бізді тәрбиелейтін, сүюге, әлемді тануға булитын, басқаларға сенуге үйрететін адамдарды көз алдыңа алып келеді. Қазіргі қоғам да бұл қағидадан тыс қалған жоқ. Бұл отбасы қазіргі кездегі адамдардың да өміріндегі ең маңызды құндылық болып қалып отыр дегенді білдіреді. Ол әрқашан мәдени және рухани дәстүрлердің қамқоршысы болып қалмақ.

Абонементтер бөлімі назарларыңызға осы тақырыпқа қатысты кітаптар қойылған «Отбасылық құндылықтар: тарих және қазіргі заман» кітап көрмесін ұсынады. Көрмеден «Қазақ салт-дәстүрлері», «Халқы мықтының – салты мықты» Бегманов Қ., «Айналайындарым менің...» Тасмағамбеткеліні Д. М., «Семейная дипломатия» Зубова А., «90 шагов к счастливой семейной жизни» Свияш А., «Счастливая семья» Суркова Л., «Для любви и мира в семье» Степанова Н., «Стратегия семейной жизни» Андерсон Д. және  т.б. кітаптарын көруге болады.

Отбасылық өмір тақырыбы көркем әдебиетте де жан-жақты ашылған. Көрмеге қойылған әдебиеттердің ішінде «Әке сені сағындым » Қалқа Н., «Үміт үзгім келмейді» Келімбетов Н., «Жапандағы жалғыз үй» Жүнісов С., «Господа Головлевы» Салтыков-Щедрин М., «Братья Карамазовы» Достоевский Ф., «Сага о Форсайтах» Голсуорси Д. кітаптары, сондай-ақ көптеген классикалық және қазіргі кездің шығармалары бар.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus