Құрметті пайдаланушылар!
Қазақстанда 2021 жыл Тәуелсіздік жылы деп жарияланды. Осыған байланысты республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған. Жалпыхалықтық оқуға таңдалған 30 кітаптың ішінде Сәуле Досжанның «Қасірет пен тағдыр» романы бар. Шығармада басты кейіпкердің тағдыры арқылы қазақ халқының, атап айтқанда Семей ядролық полигоны аумағында тұрған адамдардың қасіреті байқалады. Кітапты оқып отырып оқырман еркінен тыс адам өміріндегі маңызды нәрселер туралы ойланады. Акцияның барлық кітаптарын кітапхана қорынан табуға болады.