Құрметті оқырмандар!
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Әмбебап оқу залы назарларыңызға Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Отанымның рәміздері» атты кітаптағы кадрларды ұсынады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы күні – Қазақстанда жыл сайын 30 тамызда атап өтілетін ресми мемлекеттік мерекелердің бірі. 1995 жылғы 30 тамызда жалпыұлттық референдум өтіп, онда Қазақстан халқы жаңа Конституцияның жобасын мақұлдаған болатын. Бұл Қазақстанның тәуелсіз мемлекет құру жолындағы шешуші сәттерінің бірі болды.
Кітаптағы кадрлардан мереке тарихымен, ҚР Конституциясының құрылымымен және Әмбебап оқу залының қорындағы кітаптармен таныса аласыздар. #Qazaqstan30