Құрметті оқырмандар!
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Абонементтер бөлімі назарларыңызға Конституция күніне арналған «Келісім мен тұрақтылық кепілі» атты виртуалды кітап көрмесін ұсынады.
1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылданған Конституция тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуының заңды қорытындысы болып табылады және елдің табысты дамуының аса маңызды факторына айналды. Конституция мемлекет пен қоғамда болып жатқан барлық үдерістерді жандандырып, экономикалық, саяси және әлеуметтік қайта құрулардың қуатты іргетасы болды. #Qazaqstan30