«Табиғат тынысы» А. Захарченковтың жеке көрмесі
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында, сондай-ақ белгілі суретші Александр Захарченковтың туған күніне орай Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК фойесінде «Табиғат тынысы» атты көрме ашылды.
Александр Захарченковтың 30-шы жеке көрмесі табиғат көріністерін бейнелеген көптеген тамаша туындылар мен керемет көріністерден тұрады. Суретші болашақ суреттің нобайларын сызып, пішінін келтіріп жатпастан бірден салады. Сол себепті де оның жұмыстарының бояулары қанық шығып, келушілердің таңданысын тудырып келеді.
Кескіндемеші, график, монументші, Қостанай меценаттар клубы сыйлығының лауреаты Александр Захарченков өңірлік, облыстық, бүкілодақтық, республикалық және халықаралық көрмелердің қатысушысы болып табылады. Оның жұмыстары еліміздің көптеген аймақтарындағы мұражайларға, сондай-ақ шетелдердің көрмелеріне қойылған. Биыл суретші 65 жасқа толды, бірақ ол өзінің көп жылдық тәжірибесін жас ұрпаққа үйретуін тоқтатқан емес.
Александр Захарченковтың жеке көрмесіне 24 авторлық жұмыс қойылды. #Qazaqstan30