2021 жылы жазғы оқылым бойынша әлеуметтік-мәдени акция қайта жанданды. Оның мақсаты – кітапты қоғамдық қала өмірінің бір бөлігіне айналдыру. Ұраны: «Жаз! Оқудың қызықты уақыты!». Бұл акция – жайлылық элементтерінің бірі. Қоғамдық қала кеңістігіне кіру, кітапхана үшін акция ретінде тиімді.
Абонементтер бөлімінің қызметкерлері «Жаз! Оқудың қызықты уақыты!» атты акция аясында көрме-шолу ұйымдастырды. Әдебиеттердің тақырыптық таңдауында өзектілік, әртүрлілік және сұраныс сияқты өлшемдерге сәйкес анықталды. Көрмеге 100-ге жуық кітап қойылды. Негізінен бұл заманауи әдебиеттің жаңалықтары, оның ішінде классика, заманауи проза, қазақ және орыс тілдеріндегі фантастика. Сондай-ақ, «Мәдени мұра», «Іскерлік оқу», «Медициналық әдебиеттің жаңалықтары», «Гүл қиялы» және т.б. тақырыптар бойынша шағын жинақтар қала тұрғындарынының қызығушылығын оятты.