Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында 14 шілдеден бастап Өлкетану әдебиеттері бөлімінде Науырзым мемлекеттік табиғи қорығының шекарасы бекітілгеніне 90 жыл толуына арналған «Наурызым – қорық қазынасының қорғаушысы» атты безендірілмелі кітап көрмесі жұмыс істейді. Экспозицияда осы ғажайып өлке туралы баяндайтын әдебиеттер ұсынылады. Кітапхана оқырмандары осы бірегей дүниежүзілік мұра нысанының құрылу тарихымен және табиғатымен таныса алады.#Qazaqstan30