Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Ақылмен жеңіске жету»
12.07.2021

Құрметті оқырмандар! Абонементтер бөлімі Сіздердің назарларыңызға Халықаралық шахмат күніне орай «Ақылмен жеңіске жету» атты кітап көрмесін ұсынады.

Шахмат - ойыншылардан зейінді, нақты логикалық ойлауды және іс-әрекеттің болашағын көре білуді талап ететін қызықты сабақ. Көрмеде ерекше қызығушылықты оятатын энциклопедиялық «Жас шахматшы», «Әлемдік және ұлттық спорт ойындары» және А.Павловичтің «Шахмат. классикалық тақтадағы 60 ерекшелігі бар ойын» атты кітаптары қойылған.

Шахмат әуесқойлары А.Карповтың «Сто победных партий» және «Мои лучшие партии», Н. Журавлевтің «Шахматы. Шаг за шагом» кітаптарынан көптеген қызықты мәліметтер білуге болады. Сондай-ақ Я. Владимировтің «1000 приключений на шахматной доске» ойынның құпиялары мен көрнекті гроссмейстерлердің өмірбаяндары, шахмат ойынын енді бастаушыларға немесе әуесқой ойыншылар үшін таптырмас тәжірбие болатыны анық.

Баршаларыңызды осы көрмені тамашалауға шақырамыз.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ