Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Соғыс осылай басталды»
24.06.2021

Үстіміздегі жылдың 22 маусымында Өнер туралы әдебиеттер  бөлімі «Встреча друзей» музыкалық клубымен бірлесіп Ұлы Отан соғысында қаза болғандарды еске алу күніне арналған «Соғыс осылай басталды» атты еске алу сағатын ұйымдастырды. Шақырылған қонақтар ішінде білім беру ісінің үздігі, барлық қалалық іс-шаралардың тұрақты қатысушысы және жүргізушісі Королева Тамара Михайловна, қоғам қайраткері, публицист және ақын Денисов Аркадий Семенович, ақын, өлеңдер жинағының авторы Нечаева Надежда Гавриловна және қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері болды.

1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан фашистік Германия одақтастарымен (Венгрия, Италия, Румыния және Финляндия) бірге КСРО-ға шабуыл жасады. Кеңес халқының бейбіт еңбегі 4 жылға үзілді. Шын мәнінде бүкілхалықтық болған Ұлы Отан соғысы басталды: кішкентай баладан жасы келген қарттарға дейін барлығы Отанды қорғауға аттанды. Әскерге шақыру жасына жетпеген ұлдар мен қыздар тезірек майданға аттану үшін өздерінің жастарын үлкейтіп көрсетті.

Сол күннен бастап 80 жыл өтті. Біз өз өмірін аямай, болашақ ұрпақтың еркіндігі мен бақытын қорғап қалғандарды ешқашан ұмытпаймыз. 

 

 


Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus