Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Өмір сүру дегеніміз – сезіну, ойлау және азап шегу» 15.06.2021 | 11 маусымда әдебиет сыншысы Виссарион
Григорьевич Белинскийдің туғанына 210 жыл толды. Осы күнге орай Өлкетану
әдебиеттері бөлімінің әдеби-ақпараттық секторының қызметкерлері эссе байқауын
ұйымдастырды. Қатысушылар кез келген оқыған шығармасы бойынша шағын
шығарма-пайымдау немесе В. Белинскийдің дәйексөзі бойынша өз ойларын жазуы тиіс
болды. Байқаудың қорытындысы бойынша дөңгелек үстел өткізілді, онда қазылар
алқасы эсселерді оқып шығып, өз бағаларын берді. Сарапшы ретінде педагог, білім
беру ісінің үздігі, ақын Александра Ильинична Суслова және белгілі ақын,
тарихшы және мәдениеттанушы Евгений Викторович Демидович сөз сөйледі. Барлық
ұсынылған жұмыстар лайықты бағаланды. Михаил Львовскийдің «В моей смерти прошу
винить Клаву К.» шығармасы туралы өз ойымен бөліскен НЗМ оқушысы Қабдырахман
Мадина байқаудың жеңімпазы атанды. | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|