Құрметті оқырмандар! Абонементтер бөлімінде Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, прозашы және драматург, көпшілікке кеңінен танымал «Елім-ай» романының аворы Софы Сматаевтың 80 жылдығына арналған «Жайсаң жанды жазушы» атты кітап көрмесі жұмыс істеп тұр.
Софы Қалыбекұлы – көптеген романдардың, повестердің, пьесалардың, поэмалардың, опера либреттоларының, әңгімелердің, өлеңдер мен балладалардың авторы. Оның кітаптары әлемнің көптеген тілдеріне аударылған. Көрменің көрнекті жеріне автордың 25 томдық шығармалар жинағы, «Елім-ай», «Жылдарым-жырларым», «Қайран жастық», «Песнь моя – боль моя», «Время первой травы» романдары қойылған. Оның шығармаларының айрықша ерекшелігі өмірдің қаншама қиындығынан аман қалған халықтың тағдыры, тарихи тұлғалар туралы, тәуелсіздік туралы толғаныс, адамдар арасындағы қарым-қатынас және қадір-қасиетті сақтау жолындағы күрес болып табылады.
Барлық келем деушілерді аталған көрмеге шақырамыз.