Жазғы мектеп демалысы кезінде Өнер туралы әдебиеттер бөлімі Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау аясында қала мектептерінде «Сәндік-қолданбалы өнер бойынша шеберлік сыныптары» атты іс-шара өткізді. Сондай-ақ балаларға «Бірге ойнау көңілді» атауымен ойын бағдарламасы ұсынылды, онда балалар түрлі зияткерлік тапсырмаларда өз қабілеттерін көрсетті.
Жаз – бәріміздің өмірге қуанатын, теңізге демалуға баратын, саяжайларымызда болашақ өнімдерімізді өсіретін, ал табиғаттың жарқыраған күн мен жазғы жаңбырдан ләззат алып гүлге оранатын және айналаны хош иіске толтыратын жылдың ең жылы мезгілі. Л.Н. Толстой ат. кітапханасы да одан қалыспақ емес. Әрбір жаңа күн ересектер үшін ғана емес, балалар үшін де шытырман оқиғаларға толы. Бөлім қызметкерлері әр күн өзінің оқиғасымен есте қалуы үшін, балалар мен оқытушыларға қызық болуы үшін, олар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап табуы үшін, білім алуы үшін, үздік әдебиетті оқуға баулу үшін, өнер туралы әдебиеттер бөлімнің кітаптары бойынша өздерінің шығармашылық қызығушылықтарын дамыту үшін қолдан келгеннің барлығын жасауға тырысуда. Бөлімдегі барлық іс-шаралар кітап оқуды насихаттауға бағытталған.
Шеберлік сыныбына 500-687 телефон нөміріне қоңырау шалу арқылы кез келген адам жазыла алатынын ескерткіміз келеді. |