Ағымдағы жылдың 01 маусымында Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК «Liberi world» фотомодель мектебі көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.
Ең танымал және сұранысқа ие өнер жанрларының бірі фотография болып саналады. Ол көрерменді өзінің шынайылығымен, ақиқаттығымен және анықтығымен тартады. Нағыз фотограф қарапайым дүниеден көркемдікті көре біледі, адамның бет-жүзіндегі түрлі толғаныстарды, кішкентай нәрселерден ерекше кереметтерді байқай алады. Олар көрермендердің көпшілік аудиториясына бағытталған. Фотография – бұл уақытты тоқтатып тастайтын ерекше өнер. Тек фотосуреттерде ғана біз кадр ішіндегі көңіл күйлер мен сезімдерді сақтай аламыз.
Көрмеге Георгий Шаповалов пен Валентина Штроның мектеп аясында өткізген фотожобаларының 40 жұмысы қойылған.
«Liberi world» фотомодель мектебінің жобасы осыдан бір жыл бұрын құрылған болатын, осы уақыт ішінде 70 эксклюзивті фото және бейнежоба өткізілді. Ең жақсы фотосуреттерді осы көрмеден көруге болады.
Іс-шара барысында қонақтар фотомодель мектебінің сән үлгісін, «Карамельки» би студиясының өнерін тамашалады, сондай-ақ Наталья Закораның және «Liberi world» фотомодель мектебі оқушыларының музыкалық нөмірлерін тыңдады.