28 мамыр күні Л.Н. Толстой ат. ҚОӘҒК мен А. Байтұрсынов ат. ҚӨУ және Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты бірлесіп 31 мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған «Қазақстандағы ХХ ғасырдың 30-шы жылдарындағы ашаршылық босқындары: жаңа деректер мен зерттеулер» атты республикалық дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Аталған шараға республикаға танымал тарихшы-ғалымдар, өлкетанушылар қатысып қуғын-сүргін жылдарына арналған жаңа тыңғылықты деректерімен ой бөлісті. Атап айтатын болсақ: 1930 жылы Тәжікстан және Түркіменстан елдеріне қоныс аударған қазақтар туралы деректер, Қазақстандағы ашаршылық туралы жаңа архивтік құжаттар, ашаршылықты зерттеуде өзекті мәселелер, қазіргі мектеп оқуларындағы саяси қуғын-сүргін құрбандары, Атырау өлкесіндегі 1930 жылдардағы ашаршылық: балық кәсібі тақырыбында талқылау жұмыстары орын алды.
«Өткен ғасырда сталиндік репрессия салдарынан қазақтың көптеген көзі ашық, зиялы қауымы жазықсыз атылып кетті. Бұдан бөлек 100 мыңдаған адам қамалып, айдауға түсіп, Сібірге жер аударылды. Кеңес Одағының солақай саясаты бойынша, отарланған ұлт бас көтере алмай, көзі ашық, саналы азаматтарының барлығы да қуғынға түсті. Президентіміздің жарлығы бойынша 31 мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып белгіленген. Бүгінде репрессия құрбандарының басым көпшілігі ақталғанымен, жан жарасы жазыла қойған жоқ және жазылмақ та емес. Саяси қуғын-сүргін құрбандары ішінде Алаштың арыстары атанған Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынұлы сынды көптеген қайраткерлеріміз бар», - деп ой қорытты белгілі тарихшы, тарих ғылымдарының кандидаты Өтеген Ихсанұлы Исенов.
Шара соңында бір қатар тәжірбиелік ұсыныстар ұсынылды. Атап айтатын болсақ, «Репрессия құрбандарына арналған ЖОО студенттеріне антологиялық оқулық құрастыру мәселесін қолға алу керек және ағымдағы жылдың қазақ айында осы тақырып бойынша Республикалық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастыру ойымызда бар деді, - А. Байтұрсынов ат. ҚӨУ-нің Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, РhD доктор Рауан Байдалы.
|