Құрметті пайдаланушылар, Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімі назарларыңызға «Облыс тынысы» жобасының бесінші шығарылымын ұсынады. Мұндай оқулардың мақсаты – көзі көрмейтін және нашар көретін адамдарды аймақтағы және елдегі ағымдағы жаңалықтармен таныстыру.
Қостанай облысы тамаша табиғи ресурстарға және жануарлар дүниесіне бай. Қостанай облысында ғана емес, сондай-ақ Қазақстандағы ең танымал қорық аймақтарының бірі – Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы. 2021 жылдың 6 мамырында «Костанайские новости» газетінде жарияланған мақала табиғаттың осы көркем аумағына арналған. Бүгінгі шығарылымда осы мақаланы сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.
Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://www.youtube.com/watch?v=aGhuUr8IKvo