2021 жылдың 25 мамырында Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК өте маңызды тақырыпқа – туған өлке тақырыбына
арналған «Елді мекендердің атауларын өлкетану жұмыстарының тақырыбы ретінде
таңдау» семинарын өткізді. Бұл тақырып кездейсоқ
таңдалған жоқ. Барлық кітапханалар өлкетанумен айналысады, туған ауылы, қаласы,
өңір аумағында болған маңызды оқиғалар, атақты жерлестер туралы бай материалдар
жиналды.
Мысалы, Рудный ОКЖ бір жыл бойы «Я с каждой улицей в
Рудном знаком» өлкетану жобасы жұмыс істейді. Белан оқулары, қала бойынша
виртуалды экскурсиялар, кітапхана қабырғасында танымал жерлестермен кештер мен
кездесулер өткізу дәстүрге айналды.
Рудный ОКЖ өлкетану жұмысы туралы «Рудный ОКЖ» ММ қалалық
орталық кітапханасының жоғары санатты кітапханашысы Ирина Александровна
Журавлева «Туған жерге деген іңкәрлік» баяндамасында айтып берді.
Мендіқара ОКЖ Архипов ауылдық кітапханасының
кітапханашысы Ольга Васильева Зайцева немересімен – кітапхананың белсенді
оқырманымен бірге облыстық қашықтық виртуалды экскурсия байқауына қатысып, онда
«По страницам села Архиповки» атты жұмыстарын ұсынды. Шағын бейнероликте 1916
жылы негізі қаланған Қазақстан ауылының жүз жылдан астам тарихы қамтылған. Ольга
Васильевна семинарда «Кітапхананың өлкетану жұмысының
Архипов ауылының тарихын сақтаудағы рөлі» баяндамасымен сөз сөйледі.
Өлкетанушы Сергей Николаевич Виниченконың есімі біздің
елден тыс жерлерге де кеңінен танымал. Пресногорьков орта мектебінің жоғары
санатты тарих мұғалімі Сергей Николаевич бүкіл өмірін туған өлкесінің тарихын
зерттеуге арнады, ол белгілі өлкетанушы, публицист, Қостанай облысының
меценаттар клубы сыйлығының лауреаты. Көптеген жылдан бері С.Н.Виниченко
балаларымен бірге өз ауылының тарихын, казактардың тарихын, Ұлы Отан соғысының
тарихын зерттеумен айналысады. Оның күш-жігерімен мектепте мұражай ашылды, онда
ауылдың, ауданның, облыстың және елдің өткенімен байланысты раритеттер мен
жәдігерлер сақталады. «Пресногорьков ауылының тарихи
кезеңдері» баяндамасында ол
тыңдаушыларға туып-өскен «Пресногорьков» ауылының күрделі, бірақ тарихи
оқиғаларға бай тағдыры туралы айтып берді.
Биыл біздің атақты жерлесіміз, педагог-ағартушы
Ы.Алтынсариннің туғанына 180 жыл толады. Семинардың тағы бір қонағы –
Ы.Алтынсарин ат. облыстық мемориалдық
мұражай қорының бас сақтаушысы Шектібаева Назгүл Төкенқызы өзінің «Ұлттың ұлы
ұстазы» атты баяндамасын атақты жерлесімізге арнады.
Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК
қашанда ақындар мен жазушылардың бас қосатын жерлері болған. Кітапханада екі
әдеби клуб жұмыс істейді, олардың біреуінің жұмысына көп жылдан бері Алексей Васильевич Олексюк жетекшілік етіп
келеді. Ол кітапханалардағы өлкетану жұмысының әдеби өлкетану бағыты туралы
айтып берді.
Жітіқара ОКЖ бірнеше жыл бұрын «Энциклопедия сёл» жобасы бастау алды, оның шеңберінде барлық ауылдық
кітапханалардың кітапханашылары ауыл тарихы туралы материалдарды тірнектеп
жинап келеді. Жітіқара орталық кітапханасының кітапханашысы Галина Дмитриевна
Згоник өзінің «Өлке тарихын тірілтудің тәсілдері» баяндамасында ОКЖ кітапханаларының өлкетану жұмысы
туралы айтып берді. |