Әмбебап оқу залы «Отбасында озбырлыққа орын жоқ» тақырыбы
бойынша басылымдардың бейнешолуын ұсынады.
Отбасылық немесе тұрмыстық зорлық-зомбылық – қазіргі
қоғамның өзекті мәселесі. Бұл ұғым бір адамның немесе туысының екінші бір
адамға, ең алдымен отбасы ішінде үнемі
қысым көрсетуін, зорлық жасауын білдіреді. Көбінесе бұл балаларға қатысты
қатыгездікпен байланысты болады.
Балалар ересектерді дауыс көтеруге, ұрысуға, тіпті қатты
ашулануға мәжбүр етуі мүмкін. Алайда өздерінің наразылықтарын білдіру үшін
қандай әдісті – зорлық-зомбылықты немесе зорлық-зомбылықсыз әдісті таңдайтыны
үшін тек үлкендер ғана жауапты.
Үлкендердің зорлық-зомбылық әдістеріне бейімділігі өзін-өзі ұстаудың жетілмеген
түрі және үлкендердің мінез-құлқының деструктивті түрі болып табылады.
Отбасындағы балалардың мінез-құлқына қарай дұрыс әрекет
ету үшін олармен қарым-қатынастың әртүрлі әдістерін білу қажет. Әмбебап оқу
залының қорында ата-аналар, педагогтар мен психологтар үшін көптеген пайдалы
кітаптар бар, олар қиындықтар туындаған жағдайда дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.
Қарау үшін сілтеме
бойынша өтіңіздер: https://www.youtube.com/watch?v=s5nVhBoaqkk |