Құрметті оқырмандар!
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Қайта оралған шындық пен естеліктер» атты кітап көрмесінің бейнешолуын назарларыңызға ұсынамыз.
Көрмеге отызыншы жылдардағы ашаршылық, «Алаш» партиясының көрнекті қайраткерлерінің саяси қуғын-сүргіндері, саяси тұтқындардың қазақстандық лагерлері сияқты тарихымыздың қайғылы беттері туралы баяндайтын басылымдар қойылған. Деректі материалдар халықтарды күштеп жер аудару тарихымен және 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларымен таныстырады.