2021 жылдың 6 мамырында Жеңіс күні мерекесі қарсаңында көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімі Рудный қаласында «Үміттерді үзіп кеткен қырық бірінші жыл» тарихи хронографын өткізді.
Біз үшін Жеңіс күні – көзге жас үйіретін мереке. Жылдар өткен сайын сол бір сұрапыл соғыстың куәгерлері азайып келеді. Сол себепті де іс-шараға келген соғыс кезінің балалары: Л.Г. Чернышованың, Р. Е. Волкованың, В. Н. Суспицынаның естеліктері тартымды және әсерлі болды.
Біздің парызымыз – халқымыздың ерлігіне деген терең құрмет сезімін ұрпақтан ұрпаққа жеткізу арқылы ұлы ерлікті мәңгілікке сақтау.